Сырдария ауданында жаңа жоба таныстырылды

Сырдария ауданында жаңа жоба таныстырылды

Сырдария ауданында жаңа жоба таныстырылды
ашық дереккөзі
«Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының» кешенді жоспарын орындау мақсатында «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасын халық арасында насихаттауға арналған арнайы топ мүшелерінің кезекті кездесуі Сырдария ауданындағы Ақжарма және Н.Ильясов ауылдарында жалғасты. Онда тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.  Кездесулерде ауыл тұрғындарына кооператив құру идеясы ұнады және оны ауылдарда жүзеге асыру үшін нақты жобаларды ойластыру мәселесі сөз болды. Сондай ақ кооператив құрған жағдайда оның жауапкершілігін ауыл әкімдігіне беру және жылжымайтын мүліктің кепілдігі 70-80 пайызға дейін бағаланса деген ұсыныс айтылды.   width=
«Ауыл аманаты» жобасы пилоттық режимде Жамбыл облысында алғаш жүргізіліп, оң нәтиже берген. Нәтижесінде жұмыссыздар мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны біршама азайды. Ауыл шаруашығы мен егін шаруашылығын дамытып, тағы да қосымша несие алуға ниет білдіріп отырған кәсіпкерлер бар. Сіздердің өңірде де айналысуға болатын, даму жолы бар кәсіп ашуға мүмкіндіктер көзі көп екенін байқадым. Сондықтан бірігіп жұмыс істеуге шақырамын», - деді сарапшы Нұрлан Дулатов.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан түскен ұсыныс-пікірлер бойынша нақты жауап беріліп, жаңа жобаның тиімділігі төңірегінде кеңес айтылып, тиімді ұсыныстар талқыланды.