Жаңалықтар

Сырдария ауданында жаңа жоба таныстырылды

ашық дереккөзі

Сырдария ауданында жаңа жоба таныстырылды

«Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының» кешенді жоспарын орындау мақсатында «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасын халық арасында насихаттауға арналған арнайы топ мүшелерінің кезекті кездесуі Сырдария ауданындағы Ақжарма және Н.Ильясов ауылдарында жалғасты. Онда тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.  Кездесулерде ауыл тұрғындарына кооператив құру идеясы ұнады және оны ауылдарда жүзеге асыру үшін нақты жобаларды ойластыру мәселесі сөз болды. Сондай ақ кооператив құрған жағдайда оның жауапкершілігін ауыл әкімдігіне беру және жылжымайтын мүліктің кепілдігі 70-80 пайызға дейін бағаланса деген ұсыныс айтылды.