Елордада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы аяқталды

Елордада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы аяқталды

Елордада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы аяқталды
ашық дереккөзі
Елордада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы аяқталды деп хабарлады turkystan.kz  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.  Мешіттің үлкен күмбезінің биіктігі – 83,2 метр, диаметрі – 62 метр. Мешіттің төрт мұнарасы бар. Оның биіктігі – 130 метр. Сонымен қатар мешіттің жерасты қабатында 440 орындық банкет залы, 405 орындық жабық паркинг, вестибюль, дәретхана, техникалық, ритуалдық қызмет көрсету орны, құрбан шалу орны және басқа  бөлмелер орналасқан. Бірінші және екінші қабаттарда намаз оқитын орыннан бөлек сыныптар, конференц-зал, неке қию залы, Құран оқитын бөлме, телестудия, кеңселер, қызметтік бөлмелер, дүкендер, мұражай және техникалық бөлмелер бар. Сурет: Серікжан Қобыланбаев