Ақтауда теңіз жаяу әскерінің жаттығуы өтіп жатыр

Ақтауда теңіз жаяу әскерінің жаттығуы өтіп жатыр

Ақтауда теңіз жаяу әскерінің жаттығуы өтіп жатыр
ашық дереккөзі
Ақтауда 100-ден астам теңіз жаяу әскері бронды машинамен суда соғысу тәсілдерін пысықтауда деп хабарлады turkystan.kz Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. Ұрыс техникасының механик-жүргізушілері бұған дейін жаттығу кешенінде машықтанған еді. Тәжірибе жинаған соң арнайы алаңда норматив тапсыруда. Сүрінбей өткендері БТР-82А маркалы транспортерді ашық теңізде басқаруға рұқсат алады. Теңізшілердің кезекті дәрісі жағалаудан 50 метр қашықта өтіп жатыр. Бұл жерде судың тереңдігі 3 метр болады. Жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде әр экипаждың іс-әрекеті қатаң бақылауда. Олардың қауіпсіздігін жүзгіштер командасы мінген жүрдек катер қамтамасыз етеді. Айта кетейік, әскери сабақтар 8 күнге жалғасады. Нұрдос Болатқайзин, №25744 теңіз жаяу әскерлері бригадасының механик-жүргізушісі:
– Бұрын тек құрлықта ғана жүрген БТР-82 бронды транспортерлері теңіз бетімен жүзуге шықты. Біз осылайша өзіміздің нағыз теңіз жаяу әскері екенімізді дәлелдейміз. Ешқандай қорқынышсыз теңіз бетіне шығып отырмыз. Өзіміздің елімізді қорғауға әрқашан дайынбыз.