Дүйсенбі, 3 Қазан, 2022

Ақтауда теңіз жаяу әскерінің жаттығуы өтіп жатыр

Ақтауда 100-ден астам теңіз жаяу әскері бронды машинамен суда соғысу тәсілдерін пысықтауда деп хабарлады turkystan.kz Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Ұрыс техникасының механик-жүргізушілері бұған дейін жаттығу кешенінде машықтанған еді. Тәжірибе жинаған соң арнайы алаңда норматив тапсыруда. Сүрінбей өткендері БТР-82А маркалы транспортерді ашық теңізде басқаруға рұқсат алады.

Теңізшілердің кезекті дәрісі жағалаудан 50 метр қашықта өтіп жатыр. Бұл жерде судың тереңдігі 3 метр болады. Жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде әр экипаждың іс-әрекеті қатаң бақылауда. Олардың қауіпсіздігін жүзгіштер командасы мінген жүрдек катер қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, әскери сабақтар 8 күнге жалғасады.

Нұрдос Болатқайзин, №25744 теңіз жаяу әскерлері бригадасының механик-жүргізушісі:

– Бұрын тек құрлықта ғана жүрген БТР-82 бронды транспортерлері теңіз бетімен жүзуге шықты. Біз осылайша өзіміздің нағыз теңіз жаяу әскері екенімізді дәлелдейміз. Ешқандай қорқынышсыз теңіз бетіне шығып отырмыз. Өзіміздің елімізді қорғауға әрқашан дайынбыз.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button