Ғалымдар көру қабілетін қалпына келтіретін имплант ойлап тапты

Ғалымдар көру қабілетін қалпына келтіретін имплант ойлап тапты

Ғалымдар көру қабілетін қалпына келтіретін имплант ойлап тапты
ашық дереккөзі
Швецияның Линчепинг университетінің ғалымдары шошқа терісінің коллагенінен адамның қасаң қабығына имплант жасап шығарды деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап. Пилоттық зерттеуде имплант қасаң қабығы зақымдалған 20 адамның көру қабілетін қалпына келтірді, олардың көпшілігі имплант қойылғанға дейін соқыр болған.
"Нәтижелер бұл имплантты жаппай өндіруге болатынын, пайдаланудың барлық критерийлеріне сәйкес келетінін көрсетті. Бұл көру проблемалары бар адамдар үшін таптырмас мүмкіндік", - дейді автор Нил Лагали.
Адамның қасаң қабығына балама жасау үшін, зерттеушілер зертханалық шошқа терісінен алынған коллаген молекулаларын пайдаланды. Қолданылатын шошқа терісі тамақ өнеркәсібінің қосымша өнімі. Имплантты жасау барысында зерттеушілер бос коллаген молекулаларын тұрақтандырып, көзге импланттауға төтеп бере алатын берік және мөлдір материал қалыптастырды. Донордың мүйізді қабығын екі апта ішінде пайдалану қажет болғанымен, биоинженерлік көздің қабығын екі жылға дейін сақтауға болады.