Солтүстік Корея басшысы коронавирусты жеңгенін жариялады

Солтүстік Корея басшысы коронавирусты жеңгенін жариялады

Солтүстік Корея басшысы коронавирусты жеңгенін жариялады
ашық дереккөзі
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын елінің коронавирус індетін жеңгенін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы КХДР басшысы бір күн бұрын өзінің төрағалық етуімен өткен эпидемияға қарсы шаралар жөніндегі ұлттық кеңесте айтқан.
«Мен ел ішінде тараған жаңа коронавирусты жою және адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша төтенше эпидемияға қарсы науқанда жеңіске жеткенімізді салтанатты түрде жариялаймын», - делінген хабарламада.
Пхеньянда COVID-19 ауруының алғашқы расталған жағдайы 12 мамырда ресми тіркелген. Бұған дейін екі жылдан астам уақыт бойы елде COVID-19 бар екені расталмаған. Бірақ бүкіл аумақта карантин енгізілді. Солтүстік Кореяда күнделікті коронавирус инфекциясының деңгейі 15 мамырда 392 920-ға жетсе, кейін 29 шілдедеден бастап ешкім жұқтырмаған.