Кентау қаласының әкімі тағайындалды

Кентау қаласының әкімі тағайындалды

Кентау қаласының әкімі тағайындалды
ашық дереккөзі
ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен, Түркістан облысы әкімінің өкімімен Тасов Жандос Қалмырзаұлы Кентау қаласының әкімі болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz.

Жандос Тасов 1987 жылдың 22 қаңтарында Түркістан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2013 жылы «Градкомплекс» ЖШС архитекторы болып бастаған.

2013-2014 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің инспекторы, Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маман міндетін атқарушысы, 2014-2017 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы қызметін атқарған. 2017-2018 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі, 2018-2020 жылдар аралығында Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болған. 2020-2021 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы болып еңбек етті.

2021 жылғы 19 ақпаннан бері Түркістан қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.