Қарағандыда автобус балалар емханасының қоршауына соғылды (ВИДЕО)

Қарағандыда автобус балалар емханасының қоршауына соғылды (ВИДЕО)

Қарағандыда автобус балалар емханасының қоршауына соғылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қарағандыда жеңіл көлік пен автобустың жол-көлік оқиғасы кезінде қоғамдық көлік балалар емханасының қоршауына соғылды деп хабарлады turkystan.kz. Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы пайда болды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Караганда | Новости | Дороги (@dorogi_karagandy)

«11 тамыз күні сағат 9:00 шамасында Қарағандыда 26 жастағы жүргізуші 23-ықшамауданнан 22-ықшамауданға қарай бара жатып, қарсы жолақта келе жатқан 53 жастағы жүргізушінің басқаруындағы жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Оқиға салдарынан автобус медициналық мекеменің қоршауын соғып кеткен», — деп түсіндірді облыстық Полиция департаментіндегі кадрлар.
Автобуста үш жолаушы болған. Олардың біреуі қолын жарақаттап алған. Оған медициналық көмек көрсетілді. Оқиғаға қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.