ABG компаниясының бас директоры Қазақстанға неге келді?

ABG компаниясының бас директоры Қазақстанға неге келді?

ABG компаниясының бас директоры Қазақстанға неге келді?
ашық дереккөзі
Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайылов Al Badie Group for Trading and Investment (ABG) компаниясының бас директоры Халед Мохамед Аль Бадимен кездесті. Жүздесу кезінде ABG компаниясының өкілі Қазақстанға қандай мақсатта келгенін айтты деп хабарлады turkystan.kz.

Кездесу барысында автомобиль жолдарын салу саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.

ABG компаниясы еліміздегі ірі автожол жобаларын, соның ішінде республикалық маңызы бар жолдарды жаңғыртуды қаржыландырып, оларды жүзеге асыруға ниет білдірді.

Премьер-министр бүгінде араб инвесторларының Қазақстанға деген қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтті. Үкімет басшысының айтуынша, бұған таяуда Мемлекет басшысының БАӘ-ге сапары ықпал етті.

«Біз шетелдік серіктестердің әрбір ұсынысын жоғары бағалаймыз, сондай-ақ инвестицияларды қорғау және қолайлы іскерлік ахуалды қамтамасыз ету бойынша барлық міндеттемелерімізді орындаймыз», - деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Халед Мохамед Аль Бади ABG компаниясының әлемнің көптеген елдерінде ірі инфрақұрылымдық жобаларды табысты іске асыруда тәжірибесі бар екенін айтты.

«Екі ел басшыларының белсенді өзара іс-қимылы, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамуы біздің Қазақстанға келуімізге себеп болды. Біз автожол жобаларын іске асыруды инвестициялауға мүдделіміз, сондықтан Қазақстан Үкіметімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істегіміз келеді», - деді Халед Мохамед Аль Бади.

Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр компанияның ұсыныстарын тиісті мемлекеттік органдардың мұқият зерделеп, пысықтайтынын айтты.