Жаңалықтар

«Тасыр-тұсыр. Гүрс-гүрс»: Торғай даласына ракета бөлшегі құлады

ашық дереккөзі

«Тасыр-тұсыр. Гүрс-гүрс»: Торғай даласына ракета бөлшегі құлады

Құлаған ракета бөлшегін жергілікті тұрғындар суретке және видеоға түсіріп алған деп хабарлады turkystan.kz облыстық «Қостанай таңы» басылымына сілтеме жасап. Kommersant.ru мәліметінше, «Союз-2.1б» ракета Байқоңыр ғарыш айлағынан 9 тамыз күні сағат 08:52-де ұшырылған. «Басты миссиясы – ирандық «Хайям» спутнигін және басқа 16 кіші Жер серіктерін орбитаға алып шығу. Ракета ұшырылғаннан кейін бірнеше минут өткен соң «Фрегат» үдету блогы құрамындағы басты блок ракетаның үшінші деңгейінен бөлініп түсті. Ары қарай «Фрегат» орбитаға жол бастады», – делінеді сайт хабарламасында.