Жаңалықтар

Қостанайда көз жұмған бес жасар қыздың отбасына көмек көрсетіледі

ашық дереккөзі

Қостанайда көз жұмған бес жасар қыздың отбасына көмек көрсетіледі

Қостанайда көз жұмған бес жасар қыздың отбасына көмек көрсетіледі. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Instagram желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz. «Мадина Ерланқызының отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Бұл - тек олар үшін ғана емес, бүкіл облыс үшін қайғылы жайт. Біз бәріміз баланы аман-есен таба аламыз деп үміттенген едік. Өкінішке қарай, ойлағанымыз болмады. Еріктілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, облыс тұрғындарына іздеу жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін алғысымды білдіремін. Қостанай ауданының әкіміне жерлеу рәсімін ұйымдастыруға және материалдық көмек көрсетуге тапсырма бердім» деп жазды әкім.