Сот Хаменованы үйқамаққа жібермеді

Сот Хаменованы үйқамаққа жібермеді

Сот Хаменованы үйқамаққа жібермеді
ашық дереккөзі
Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Б.Хаменоваға қатысты сот отырысы өтті деп хабарлады  turkystan.kz ATPress.kz-ке сілтеме жасап. Түске дейінгі сот отырысында  прокурор Лаура Асанова айыптау актісін оқыды. Онда ол Бақытгүл Хаменованың 4,5 миллион теңгені екі адамға бөлгенін айтты. Ақылбек Рысқалиевке аталған соманың  2 млн теңгесін өзіне қалдыруды тапсырған.
«Хаменова Рысқалиев Атырау облысы әкімдігі ғимаратынан шыққаннан кейін оны қайта шақырып алған. Жиналыс кезінде шақырып, «Сен мынаған өте сақ бол, өте сақ бол! Сенің артыңнан қарап жүрген адам көп» деп айтқан. Осылайша Рысқалиевқа пара ретінде алынған ақшаға сақ болуды ескертті», - деді прокурор.
Алайда Бақытгүл Хаменова сот отырысы барысында өзіне тағылған айыпты мойындамады. Ал облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев тек делдал ретінде жұмыс істегенін айтты. «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов пара бергенін мойындады. Адвокат И.Вранчев қорғауындағы Б.Хаменованы уақытша қамау изоляторынан үйқамаққа ауыстыру туралы өтінішін білдірген болатын. Оның бұл ұсынысын басқа айыпталушылар да, олардың қорғаушылары да құптады. Алайда сот Жұмағали Ташимов Бақытгүл Хаменоваға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішті қанағаттандырмады. Сот отырысы 12 тамыз күні жалғасады. Айта кетейік, 2021 жылдың желтоқсанында Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев ұсталды. Олар Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Айыпталушылардың қатарында  «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов та бар.