Компания «Абу Даби Плазадан» Qazaqstan жазуы неге алынғанын түсіндірді

11 тамыз, 2022 / Эльмира Ағабек
ашық дереккөзі
Компания «Абу Даби Плазадан» Qazaqstan жазуы неге алынғанын түсіндірді Елордадағы Абу Даби Плаза ғимаратынан Qazaqstan жазуы не үшін алынғаны белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz. «Абу-Даби Плаза» басқарушы компаниясы Qazaqstan мұнарасы өз атауын сақтап қалатынын мәлімдеді.
«Ғимарат атауын өзгертпейді. Біз «Абу-Даби плаза» және Qazaqstan атауын ғимаратта қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында алып жатырмыз. Тігінен жазылған жазу тамыз айының соңына дейін алынады», – деп хабарлады компаниядан.
Сонымен қатар олар ғимараттарға қызмет көрсету (жуу) кезінде эстетикалық көрінісін жоғалтпайтын атауларды қолданудың балама нұсқалары қарастырылатынын жеткізді.