Блогерлер қаржы жинау үшін келісімшарт жасауға міндеттеледі

Блогерлер қаржы жинау үшін келісімшарт жасауға міндеттеледі

Блогерлер қаржы жинау үшін келісімшарт жасауға міндеттеледі
ашық дереккөзі
5 қыркүйектен бастап Қазақстанда блогерлер арнайы келісімшартсыз азаматтарды қайырымдылық жасауға шақыра алмайды. Бұл туралы turkystan.kz nege.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады. Мәжіліс депутаты Вера Ким бұған дейін елде жұлдыздар мен блогерлердің қайырымдылық әрекеттері норма бойынша реттелмегенін айтып өтті.
«Жұлдыздар мен блогерлер қаржы жинау үшін келісімшарт жасауы керек. Егер олар қандай да бір қайырымдылық қорымен жұмыс істесе, тиісті ұйыммен, егер көмекке мұқтаж азамат үшін қаржы жинаса, сол азаматпен келісім жасайды», – деді Вера Ким.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет блогерлер мен жұлдыздар келісімшартты бұзса, олардың әрекеті «Алаяқтық» және «Ұрлау» бабы бойынша қарастырылатынын айтты.
«Блогерлер сөз жүзінде өз қызметі үшін қаржының 10%-ын ұстап қалатынын айтып, ал көмекке мұқтаж жандар мұны естімей қалған кездер болған. Салдарынан екі тарап арасында дау болады. Қазір біз көмекке мұқтаж және ақша жинайтын азамат арасындағы әрекетті заңдастырдық, себебі салық қызметі мен құқық қорғау органдары арасында сұрақ туындамауы керек», – деп түсіндірді Мадияр Қожахмет.