Павлодарда дәрігерлерге арналған жатақхана салынады

Павлодарда дәрігерлерге арналған жатақхана салынады

Павлодарда дәрігерлерге арналған жатақхана салынады
ашық дереккөзі
Бұрынғы Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің орнында дәрігерлерге арналған жатақхана салынбақ деп хабарлады turkystan.kz Pavlodrnews.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов мәлім етті.
«Қазіргі уақытта Құрылыс басқармасы жобалық сметалық құжаттаманы аяқтап жатыр. Ол жерде дәрігерлерге арналған жатақхана болады. Бір, екі және үш бөлмелі пәтерлер. Жалпы, жүзден астам пәтер салынады», - деді Айдар Сейітқазинов.
Оның айтуынша, бірінші қабатта дәрігерлердің балаларына арналған балабақша салу жоспарланып отыр. Қазіргі кезде бұрынғы кезде онкологиялық диспансер және провизорлық орталық болған ғимарат бос тұр.
«Бұл ғимарат №3 емхананың балансында болғандықтан, осы ғимаратты сақтау үшін күзет қойылу қажет», - деді Айдар Сейітқазинов.
Спикердің айтуынша, Достық шағынауданында жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының құрылысы және бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы бой көтереді. Әзірше құрылыс уақыты белгісіз.