Данияр Елеусінов спорттық мансабын аяқтауы мүмкін

Данияр Елеусінов спорттық мансабын аяқтауы мүмкін

Данияр Елеусінов спорттық мансабын аяқтауы мүмкін
ашық дереккөзі
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов жақын арада спорттық мансабын аяқтау мәселесіне қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
«Маған мықты қарсыластармен жекпе-жек өткізетін уақыт келді. Ол үшін жақсы промоутер керек. Егер жыл соңына дейін осы ойлағаным жүзеге аспаса, онда спорттық мансабымды аяқтайтын шығармын. Мен маған сенетін және мен үшін басын бәйгеге тігетін үздік промоутерге лайықпын», – дейді спортшы.
Данияр кейінгі жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында аргентиналық Хуан Эрнан Леалға (15-3, 4 КО) қарсы өткізген. Төрешілер бірауыздан шешім шығарып, IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы атағын қазақстандық боксшыға берген еді.