Жаңалықтар

Ақтауда авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

ашық дереккөзі

Ақтауда авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

11-12 тамызда «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Ақтау қаласының халықаралық әуежай әкімшілігінің қатысуымен Авиациялық қауіпсіздік және өңірлік ынтымақтастық жөніндегі халықаралық конференцияның отырысын өткізді. Конференцияға Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан және Тәжікстан достас мемлекеттердің авиациялық билік орындарының басшылығы қатысты. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол еуропалық сарапшылар аудитінің жоғары нәтижелерін атап өтіп, Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі саласында ИКАО стандарттарына сәйкестігін, сондай-ақ ИКАО аудитінің нәтижелері бойынша авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жоғары көрсеткіштерді растағанын айтты. Үйлестіру тобының жұмыс органы ретінде Азаматтық авиация академиясының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ИКАО оқу орталығы ұсынылды. Үйлестіру тобының мақсаты өзара ақпарат алмасу және бір-біріне жәрдем көрсету арқылы авиациялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне қол жеткізу, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ИКАО-ның жаһандық жоспарының негізгі басымдықтарына қол жеткізуге және ИКАО стандарттары мен ұсынылатын практикасын сапалы енгізуге жәрдемдесу және көмек көрсету үшін тиімді тетік құру болып табылады. Конференцияға қатысушылар авиациялық қауіпсіздік саласындағы өңірлік ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде әлеуетті арттыру, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастық бойынша уағдаластықтарға қол жеткізді.