Бақытгүл Хаменова сотта күтпеген мәлімдеме жасады

Бақытгүл Хаменова сотта күтпеген мәлімдеме жасады

Бақытгүл Хаменова сотта күтпеген мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты басталды. Процесс Атырау қалалық №2 сотында өтуде деп хабарлады turkystan.kz ATPress.kz сайтына сілтеме жасап. «Ірі мөлшерде пара алды» деген айыппен істі болып жатқан Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Бақытгүл Хаменова сот барысында айтты. Ал Атырау облысы Мәдениет сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев «мен таза делдалдық қызмет атқардым» деп мәлімдеді. «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов пара бергенін мойындады. Еске сала кетсек, Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы (Аса ірі мөлшерде пара алу) 2-бөлігі бойынша тергелуде.