Қызылордада отбасының шырқын бұзған 852 азамат есепке алынды

Қызылордада отбасының шырқын бұзған 852 азамат есепке алынды

Қызылордада отбасының шырқын бұзған 852 азамат есепке алынды
ашық дереккөзі
Қызылордада жанұясының шырқын бұзған 852 азамат есепке алынды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Қызылорда қалалық Полиция басқармасымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында орын алатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу және құқық бұзушылықтарды анықтау бағытында профилактикалық жұмыстар күнделікті жүргізілуде. Жыл басынан «102» арнасына жанұя жанжалы бойынша 962 хабарлама тіркелді. Тұрмыстық қарым-қатынаста сыйламаушылық әрекетін жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-бабымен 78 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция тарапынан жанұя шырқын бұзған 852 азамат қорғау нұсқамасы санатымен есепке алынды. Сонымен қатар, қорғау нұсқамасының талаптарын бұзып, соттық қаулысымен 234 азаматтың мінез-құлқына қатысты сот қаулысымен ерекше талаптар белгіленген. Аталған азаматтар жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторларымен тұрғылықты мекенжайларынан үнемі тексеріліп, қайта құқықбұзушылыққа бармау бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады. Қала аумағында 3 әлеуметтік дағдарыс орталығы қызмет көрсетуде. Аталған орталықтармен жыл басынан бері 87 азаматқа әлеуметтік көмек көрсетілді.