Жаңалықтар

2,2 тонна дизель отынын сатып, заңсыз 74,4 млн теңге табыс тапқан

ашық дереккөзі

2,2 тонна дизель отынын сатып, заңсыз 74,4 млн теңге табыс тапқан

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі ауыл шаруашылығына тауар өндірушілердің арзандатылған дизель отынын жеткізуге арналған монополиялық әрекеттің заңсыз орын алу фактісін анықтады деп хабарлады turkystan.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚМА мұнай өнімдерін заңсыз экспорттау мен алыпсатарлыққа тосқауыл қою жұмыстарын жалғастыруда.

Агенттіктің мәліметінше, 2020-2021 жылдары жалпы көлемі 12,5 мың тоннадан астам төмендетілген бағамен дизель отынын алған ЖШС ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне 10,3 мың тоннасын жеткізген. Ал қалған 2,2 мың тонна көлемінде дизель отынын ЖШС-не тиесілі жанар-жағармай құю станциялары желісі арқылы сатып, 74,4 млн теңге қосымша кіріс алған. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.