Дзюдо федерациясы жыл рейтингіcін жариялады

Дзюдо федерациясы жыл рейтингіcін жариялады

Дзюдо федерациясы жыл рейтингіcін жариялады
ашық дереккөзі
Дзюдо федерациясы 2016 жылы қанша медаль жеңіп алғанын жариялады  федерация сайты.
2016 жыл қазақстандық дзюдошылар үшін аса табысты жыл болған. Шынымен де биыл дзюдошыларымыз қай жарыс түрі болмасын жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Бір жылда екі әлем чемпионы, ең бастысы, төрт жылдықтың басты бәсекесінде екі медальді қанжығаға байладық. Бұл Қазақстан дзюдо тарихында алтын әріптермен жазылатын жетістік. Елдос Сметов - Олимпиада ойындарында дзюдодан Асхат Жіткеевтің ерлігін қайталаса, Галбадрах Отгонцэцэг - дзюдодан Олимпиада ойындарында жүлдегер атанған алғашқы қазақстандық әйел спортшы атанды.
Жылдың басты жетістігі ретінде Рио Олимпиадасының медальдары айтылса, оған қоса дзюдошыларымыз әлем чемпионы да атанып үлгерді.
Атап айтар болсақ, Мурат Кинтонов - ардагерлер арасында Әлем Чемпионы атанса, Ғұсман Қырғызбаев - әскерилер арасындағы Әлем чемпионатында алтыннан алқа тағынып, ел намысын абыроймен қорғады. Құрлықтық чемпионатта да дзюдошыларымыз жүлдесіз қалмады. Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында 3 алтын, 2 күміс, 4 қоламен ұлттық құрама командалық есепте Азия чемпионатын ІІІ орынмен аяқтады. Бұл сында Елдос Сметов (60 кг), Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг) және Мариан Урдабаева (63 кг) чемпион атанып, жалауымызды желбіреткен болатын. Биыл Ересектерден Қазақстан Ұлттық құрамасы IJF күнтізбесіндегі барлық ірі жарыстарға қатысып, 2016 жылы 35 медальға қол жеткізді. Оның 10-ы алтын, 12-сі күміс және 13-і қола. Назарларыңызға дзюдошыларымыздың 2016 жылғы жетістіктерін ұсынамыз.
Алтын 1.Отгонцэцэг Галбадрах - Grand Slam (Париж)
2.Дидар Хамза - Еуропа Кубогы (Обервард, Австрия)
3.Елдос Сметов - Азия Чемпионаты (Ташкент, Өзбекстан)
4.Отгонцэцэг Галбадрах - Азия Чемпионаты (Ташкент, Өзбекстан)
5.Отгонцэцэг Галбадрах - Гран При (Самсун, Турция)
6.Мариан Урдабаева - Азия Чемпионаты (Ташкент, Өзбекстан)
7.Ержан Шынкеев - Гран При (Ташкент, Өзбекстан)
8.Гүлжан Исанова - Гран При (Ташкент, Өзбекстан)
9.Айкүнім Түйтекова - Гран При (Ташкент, Өзбекстан)
10.Отгонцэцэг Галбадрах - Гран При (Абу Даби, ОАЭ)
Күміс 1.Елдос Сметов - ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындары (Рио-де Жанейро, Бразилия) 2. Отгонцэцэг Галбадрах - Гран При (Дюссельдорф, Германия) 3.Елдос Сметов - Гран При (Дюссельдорф, Германия) 4.Азамат Мұқанов - Grand Slam (Баку, Әзірбайжан) 5.Альбина Амангелдиева - Гран При (Алматы, Қазақстан) 6.Рустам Ибраев - Гран При (Алматы, Қазақстан) 7.Жансай Смағұлов - Гран При (Алматы, Қазақстан) 8.Дидар Хамза - Азия Чемпиионаты (Ташкент, Өзбекстан) 9.Гүлжан Исанова - Азия Чемпионаты (Ташкент, Өзбекстан) 10.Азамат Мұқанов - Гран При (Ташкент, Өзбекстан) 11.Альбина Амангелдиева - Гран При (Ташкент, Өзбекстан) 12.Азамат Мұқанов - Гран При (Абу Даби, БАӘ)
Қола 1.Жансай Смағұлов - Гран При (Тиблиси, Грузия) 2.Отгонцэцэг Галбадрах - Гран При (Тиблиси, Грузия) 3.Дидар Хамза - Гран При (Алматы, Қазақстан) 4.Отгонцэцэг Галбадрах - ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындары (Рио-де Жанейро, Бразилия) 5.Елдос Жұмаханов - Азия чемпионаты (Ташкент, Өзбекстан) 6.Ержан Шынкеев - Азия чемпионаты (Ташкент, Өзбекстан) 7.Азиз Қалқаманұлы - Азия чемпионаты (Ташкент, Өзбекстан) 8.Максим Раков - Азия чемпионаты (Ташкент, Өзбекстан) 9.Бауыржан Жауынтаев - Гран При (Ташкент, Өзбекстан) 10.Виктор Демьяненко - Гран При (Ташкент, Өзбекстан) 11.Севера Нышанбаева - Гран При (Ташкент, Өзбекстан) 12.Аэлита Щербакова - Гран При (Ташкент, Өзбекстан) 13.Зарина Райфова - Гран При (Ташкент, Өзбекстан)
Кадет: Алтын 1.Камила Берлікаш - Еуропа Кубогы (Тверь, Ресей) 2.Санжар Балғынбеков - Азия Чемпионаты (Кочи, Үндістан) 3.Дамир Болатбеков - Азия чемпионаты (Кочи, Үндістан) 4.Рауан Бегалы - Азия чемпионаты (Кочи, Үндістан) 5.Перизат Қыдырбекова - Азия чемпионаты (Кочи, Үндістан) 6.Жеңісбек Жақсыбек - Азия чемпионаты (Кочи, Үндістан)
Күміс 1.Рауан Бегалы - Еуропа Кубогы (Тверь, Ресей) 2.Ақмарал Науатбек - Еуропа Кубогы (Тверь, Ресей) 3.Б. Абдурахманов - Азия Чемпионаты (Кочи, Үндістан) 4.Нұрдәулет Жарылғапов - Азия Чемпионаты (Кочи, Үндістан) 5.Ажар Салықова - Азия Чемпионаты (Кочи, Үндістан) 6.Назгүл Маратова - Азия чемпионаты (Кочи, Үндістан) 7.Бибіхан Нәбиева - Азия чемпионаты (Кочи, Үндістан)
Қола 1.Нұрзат Сәлімбаев - Еуропа Кубогы (Тверь, Ресей) 2.Қанат Сейілхан - Азия чемпионаты (Кочи, Үндістан) 3.Сұңғат Жұбатхан - Азия чемпионаты (Кочи, Үндістан) 4.Жасұлан Мұхамеджанов - Азия чемпионаты (Кочи, Үндістан) 5.Санжар Жаббаров - Азия чемпионаты (Кочи, Үндістан) 6.Нұрсұлу Ералина - Азия чемпионаты (Кочи, Үндістан) 7.Нұржамал Жармалова - Азия чемпионаты (Кочи, Үндістан) 8.Камила Берлікаш - Азия чемпионаты (Кочи, Үндістан) 9.Адия Сайыл - Азия чемпионаты (Кочи, Үндістан) 10.Салтанат Сұлтанбекова - Азия чемпионаты (Кочи, Үндістан) 11.Жанар Қашқын - Азия чемпионаты