Павлодарда сәбиімен бірге жоғалып кеткен ана табылды

Павлодарда сәбиімен бірге жоғалып кеткен ана табылды

Павлодарда сәбиімен бірге жоғалып кеткен ана табылды
ашық дереккөзі
Еріктілер онымен психологиялық әңгіме өткізді деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. «VITA» еріктілерінің хабарлауынша, жедел іздестіру шарасы  барысында хабарсыз кеткен  20 жастағы Сәния Смакова табылды.
- Онымен сөйлесіп, сапаржайға келуге көндірдік. Әрі қарай анасына тапсырылды. Тәртіп сақшылары іздеу салу бойынша хабарламаны тоқтатты, түсініктеме алынды, - дейді еріктілер.
Естеріңізге сала кетейік, Сәния Смакова екі айлық баласымен 8 тамыз күні сағат 15:00-де Павлодар ауылындағы Абай көшесінен белгісіз жаққа шығып кеткен. Туыстарының айтуынша, ол Павлодар қаласында тұратын құрбысына барған болу керек.