Париж әуежайында оқ атылды - БАҚ

Париж әуежайында оқ атылды - БАҚ

Париж әуежайында оқ атылды - БАҚ
ашық дереккөзі
Париждегі Руасси-Шарль де Голль әуежайында пышақпен қаруланған ер адамның көзі жойылды деп хабарлады turkystan.kz  Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
«Бүгін таңертең әуежайда жолаушыларды пышақпен қорқытқан ер адам оққа ұшты», - деп жазылған полиция таратқан хабарламада.
BFMTV арнасының хабарлауынша, оған «суық қаруды таста» деген өтініш бірнеше рет айтылған. Тәртіпке бағынбай, қарсылық білдірген оны полицей атып өлтірген. Оқиға 10 тамыз күні таңертең 2F терминалында болған. Valeurs actuelles журналисі Амори Брелеттің айтуынша, атыс таңғы сағат 8:45-те болған.