Қытай Тайвань маңындағы әскери жаттығуларын аяқтады

Қытай Тайвань маңындағы әскери жаттығуларын аяқтады

Қытай Тайвань маңындағы әскери жаттығуларын аяқтады
ашық дереккөзі
Қытай Тайвань төңірегіндегі әскери оқу-жаттығулар аяқталды деп хабарлады turkystan.kz. Қытай Халық азаттық армиясының Шығыстағы қолбасшылығы Тайвань маңындағы теңіз және әуе жаттығуларының ресми түрде аяқталғанын хабарлады. Бұған дейін Қытай Сыртқы істер министрлігі «Тайвань Қытай территориясының бір бөлігі, ал Бейжің «өз суларында жоспарлы әскери жаттығулар өткізіп жатыр» деп мәлімдеген. Қытай жаттығуды АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарына жауап ретінде бастады. Әуе және теңіз аймағындағы маневрлер бастапқыда өткен жексенбіге дейін төрт күн бойы жүргізіледі деп жоспарланған. Жаттығу кезінде қытайлық ұшақтар күн сайын Тайвань бұғазының ортаңғы сызығын кесіп өтті. Айта кетейік, бұл шекара - екі жақтың кездейсоқ қақтығыстарының алдын алуға көмектесетін бейресми шекара.