Түркия Қазақстанға 3,5 мың дана Құран кітабын сыйлады

Түркия Қазақстанға 3,5 мың дана Құран кітабын сыйлады

Түркия Қазақстанға 3,5 мың дана Құран кітабын сыйлады
ашық дереккөзі
Түркия Дін қоры (TDV) мен Түркияның Дін істері басқармасы Қазақстандағы Құран оқу курстарына қатысушылар арасында мұсылмандардың қасиетті кітабының 3515 данасын таратты деп хабарлады turkystan.kz. Іс-шара Түркияның Радио және теледидар жоғары кеңесі төрағасының орынбасары Ибрагим Услу мен түріктің танымал актері Бахадир Нишехироглудың қатысуымен өтті. Акция TDV және Түркияның Дін істері басқармасы бірлесіп бастаған «Құран менің сыйым болсын» жобасы аясында жүзеге асты. Айта кетейік, 2015 жылдан бері жобаны жүзеге асыру барысында 1 миллион 300 мың дана Құран кәрім таратылды. Кітаптар 81 елде 36 тілде басылған.