Жаңаөзенде жедел жәрдем қызметкерлері Президентке үндеу жолдады

Жаңаөзенде жедел жәрдем қызметкерлері Президентке үндеу жолдады

Жаңаөзенде жедел жәрдем қызметкерлері Президентке үндеу жолдады
ашық дереккөзі
Желіде Жаңаөзендегі жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы қызметкерлерінің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа, облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа және Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа жолдаған бейнеүндеуі жария етілді деп хабарлады turkystan.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. Олар жалақы мәселесін көтерді.
«Біз, Маңғыстау облысының жедел жәрдем қызметкерлері, еңбек дауының тууына байланысты еңбекақымызды, еңбек және әлеуметтік жағдайымызды жақсарту мақсатында Еңбек Кодексінің нормаларын негізге ала отыра барлық кезеңдерден өттік. Осы еңбек дауына байланысты көптеген жиындар өтті. Бірақ еш нәтиже болмады. Қазіргі қымбатшылық бүйірден қысып тұрғанда еңбекақымызды орташа жалақы есебінде 350 мың теңгеге көтеруін сұраймыз. Осы талап орындалмаса, 15 тамыз күні жұмысты тоқтатуға мәжбүрміз», - делінген бейнеүндеуде.