Оңтүстік Қазақстанда 200 бала Президент сыйлығын алды

Оңтүстік Қазақстанда 200 бала Президент сыйлығын алды

Оңтүстік Қазақстанда 200 бала Президент сыйлығын алды
ашық дереккөзі
Оңтүстік Қазақстан облысында «ЕХРО-ның жаңа жылдық алауы» Қазақстан  Президентінің жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекелік шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев балаларды мерекемен құттықтап, Елбасының атынан 200 балаға планшет пен жылы сырт киімдер табыстады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. «Жаңа жыл – бұл бәріміз үшін ерекше мереке. Мұндай ұмытылмас сәттерде біз өткен жылға алғыс айтып, болашаққа жақсы жоспарлар құрып, қиялға ерік береміз. Сендер бір жасқа есейдіңдер. Саналарың өсіп, білімдерің тереңдеді. Үлкен өмірге қанат қағып келесіңдер. Бүгінде сендер күткен жылдан ең қымбат тілектеріңді тілейсіңдер. Жақсылыққа сеніңіздер. Ешуақытта армаңдарыңыз алдамасын. Адамдар шын тілеп, сол үшін талмай ізденсе, білім алса арманы орындалады. Сендер де алға қойған мақсаттарыңа жету үшін талпыныңдар», – деді аймақ басшысы. Жаңа жылдық шыршаға қатысқан балаларға телеэкран арқылы Мемлекет басшысының арнайы құттықтауы көрсетіліп, «Балаларды ғылымды біліп тануға жетелейік» кітабы мен түрлі тәттілер үлестірілді. ЭКСПО-2017 жаңа жылдық алауымен басталған шырша мерекесі театрландырылған қойылыммен жалғасты.