Жаңалықтар

Автобуста бұрынғы әйеліне қол жұмсаған ер адам екі айға қамалды

ашық дереккөзі

Автобуста бұрынғы әйеліне қол жұмсаған ер адам екі айға қамалды

Алматыда автобуста бұрынғы әйеліне пышақ жарақатын салған ер адам екі айға қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz. «10 тамыз күні Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні 2 айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі. Бұған дейін Алматыда ер адам қоғамдық көлікте бұрынғы әйеліне пышақ жарақатын салғанын жазған болатынбыз. Алматы әкімі әйелді бұрынғы күйеуінің қанды қолынан құтқарып қалған Райымбек Медетбекті марапаттады.