Балабақшада тәрбиешінің көмекшісі 3 жасар қызды ұрып-соққан

Балабақшада тәрбиешінің көмекшісі 3 жасар қызды ұрып-соққан

Балабақшада тәрбиешінің көмекшісі 3 жасар қызды ұрып-соққан
ашық дереккөзі

Павлодар балабақшасында тәрбиешінің көмекшісі 3 жасар қызды ұрып-соққан деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 9 тамызда полицияға Павлодар қаласының тұрғыны Айманов көшесі бойындағы Павлодар қаласының №4 балабақшасында 3 жасар қызын тәрбиешінің көмекшісі ұрып-соғу фактісі бойынша жүгінді.

– Аталған факті тіркелді. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап, бейнебақылау камераларынан алынған бейнематериалдарды зерттеп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.