Абай – дана, Абай – дара қазақта

Абай – дана, Абай – дара қазақта

Абай – дана, Абай – дара қазақта
ашық дереккөзі
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі" мемлекеттік мекемесінің 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде "Абай – дана, Абай – дара қазақта" атты өлең оқу сайысы өтті. Сайыс қазақтың бас ақыны, ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты  – Абайдың өнегелі ғұмыры мен мол ғибратын жастар арасында насихаттау. Кездесуде сөз алған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы Мұрат Мырзахметов "Абай ілімін қазіргі қазақ қоғамында ұрпақ тәрбиесімен сабақтастыра білсек адами, рухани құндылықтарымыз арта түсер еді" дейді.  width= Сайысқа "Сейсмология институты" ЖШС-нің қызметкерлері, ақпараттық технологиялар зертханасының жоғары санатты инженері Руслан Джанзаков, кадр бөлімінің бас маманы Айжан Төреханова қатысты.  width=  width=