«Күміс қалам – 2022» иегері анықталды

«Күміс қалам – 2022» иегері анықталды

«Күміс қалам – 2022» иегері анықталды
ашық дереккөзі
Шымкентте жас ақындар арасында республикалық «Күміс қалам - 2022» байқауы өтті деп хабарлады turkystan.kz. Конкурсқа еліміздің түкпір-түкпірінен талантты ақындар қатысты. «Күміс қалам» атты поэтикалық дуэльдің бас жүлдесіне Шымкент қаласының ақыны Арайлым Мұраталиева ие болды. Жеңімпазға күмістен жасалған қаламды қазақтың белгілі ақыны Қалқаман Сарин табыстады. Есенғали Раушанов атындағы әдеби сыйлықты (І орын) қостанайлық Дәулет Жадырасын алды. Әбілда Аймақ атындағы әдеби сыйлық (ІІ орын) шымкенттік Ақбота Бейбітбекке, Тынышбай Рахым атындағы әдеби сыйлық (ІІІ орын) жезқазғандық Аружан Оралбайға бұйырды. Жәркен Бөдешұлы атындағы әдеби сыйлықты оралдық Алтынбек Мерсадық алды, Аманхан Әлімұлы атындағы әдеби сыйлыққа алматылық Нұртас Тұрғанбекұлы лайық деп танылды.