Radiotochka сайтының бас редакторы елден кетіп қалғанын хабарлады

Radiotochka сайтының бас редакторы елден кетіп қалғанын хабарлады

Radiotochka сайтының бас редакторы елден кетіп қалғанын хабарлады
ашық дереккөзі
Radiotochka.kz интернет-порталының бас редакторы Бекжан Ыдырысов коррупцияға қарсы қызметтің қысымынан кейін Қазақстаннан кетіп қалғанын хабарлады. Ол Facebook желісіндегі парақшасында "Коррупцияға қарсы тұру ұлттық бюросының тергеушілері Radiotochka.kz порталының құрылтайшысы Бигелді Ғабдуллинге қарсы түсінік беруге мәжбүрледі" деп жазады.
Бекжан Ыдырысовтың сөздерінше, тергеушілер Ғабдуллин ісіне байланысты жария түрде пікір білдірмеуді талап еткен. «Астанада екінші рет жауап алғаннан кейін, олар маған тұспалдап емес, ашық түрде жалған жауап бергенің үшін Ғабдуллиннің жанына отырғызамыз деді. Олар Ғабдуллинге қарсы түсініктеме беруімді қалады», — деп жазады Ерлан Ыдырысов. Ол сонымен бірге прокуратура өзіне іздеу жариялағанын да айтады. Журналист қауіпсіздігіне байланысты қазіргі мекен-жайын хабарлағысы келмейтінін жазады. Оның сөздерінше, үш апта бұрын Қазақстаннан кеткен, кеше ғана оған отбасы мүшелері қосылған. Коррупцияға қарсы Ұлттық бюро мен Бас прокуратура баспасөз қызметі Бекжан Ыдырысовтың мәлімдемесіне қатысты әзірге түсініктеме бере алмайтынын айтады. Radiotochka.kz интернет-порталының құрылтайшысы мен Central Asia Monitor газетінің бас редакторы Бигелді Ғабдуллин өткен айда ұсталып, соттың шешімімен қамауға алынды. Тергеу ісінің болжамы бойынша, Ғабдуллин «БАҚ арқылы мемлекеттік органдарға ақпараттық шабуыл жасаған» және сол арқылы «жоғары лауазымды шенеуніктерден ақша бопсалаған».