Елорда полицейлері Абайдың шығармашылық мұрасымен танысты

10 тамыз, 2022 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
Елорда полицейлері Абайдың шығармашылық мұрасымен танысты Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ұлы Абайдың 177 жылдығына арналған бірқатар іс-шара ұйымдастырды деп хабарлады turkystan.kz.  Департаментте Абайдың асыл мұрасын насихаттайтын «Тұлғаға тағзым» атты кітап көрмесі қойылды. Көрме барысында жас қызметкерлер ғұлама ақынның, абайтанушылардың, зерттеушілердің еңбектерімен танысты. Сондай-ақ Департаменттің ведомстволық музей басшысы, тарих ғылымдарының магистрі Шынар Уайсова жеке құрам арасында Абай Құнанбайұлының өмірін насихаттау, ақынның шығармашылығы арқылы патриоттық рухты тәрбиелеу бойынша дәріс өткізді. Іс-шара барысында полицейлер Абайдың шығармашылық мұрасымен тереңірек танысып, пайдалы мағлұмат алды.