Жаңалықтар

Неге телефонды жастықтың астына қойып зарядтауға болмайды?

ашық дереккөзі

Неге телефонды жастықтың астына қойып зарядтауға болмайды?

Цифрлық өнімдерді тестілеу бойынша маман Сергей Кузьменко смартфонды жастықтың астына қойып зарядтаудың қаупі туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz. Телефон өшіп тұрса да, жұмыс істей береді, жылу бөледі. Сондықтан бұлай зарядтасаңыз, қызып кетіп, өрт шығуы мүмкін. Сарапшының айтуынша, егер барлық компоненті дұрыс жұмыс істеп тұрса, түнде зарядта қалдыру құрылғыға кері әсер етпейді. «Зарядтау контроллері жүз пайызға жеткенде қуат беруді өшіру арқылы артық токты шектейді. Бірақ смартфонды ұзақ уақыт қалдырсаңыз, бұл бөлік істен шығуы мүмкін», –  дейді Сергей Кузьменко. Прайм агенттігінің хабарлауынша, зарядтау үшін ең қолайлы қоршаған орта температурасы – 20 градус. Ылғалдылық көрсеткіштері де қалыпты болуы керек. «Заряд деңгейін 50-70% деңгейінде ұстауға тырысу керек. Мұның бәрі батареяның қызмет ету мерзімін ұзартады», – дейді маман.