БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты

БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты

БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, бірінші оқиға 8 тамыз күні сағат 2:20-да Шыңғырлау ауданы Ақсу ауылында болды. Достық көшесінде 1993 жылғы жүргізуші Audi 80 автокөлігінің рөліне ие бола алмай аударылған. Көлікте болған 1997 жылғы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші аудандық орталық аурухананың хирургиялық бөліміне жатқызылды. Тағы бір оқиға 9 тамыз күні Бөрлі ауданында Подстепный-Федоров-РФ шекарасы жолының 95-шақырымында болды. Шамамен сағат 7:10-да Бөрлі ауылынан шыға берісте, Бөрлі-Ақсай жолының қиылысында 1963 жылғы жүргізуші Audi-мен жол бермей, 1985 жылғы тұрғын айдап келе жатқан Toyota Land Kruiser автокөлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан 1963 жылғы жүргізуші сол жерде жан тапсырды. Toyota Land Kruiser автокөлігінің жүргізушісі дәрігер қарағаннан кейін үйіне жіберілді.
«Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды. Екі оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне (абайсызда адам өліміне соқтырған жол жүру ережесін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. БҚО Полиция департаменті жол жүру ережесін сақтап, абай болу, қауіпсіздік белдігін міндетті түрде тағу қажеттігін тұрғындар есіне салады», - деп хабарлады ведомстводан.