Жаңалықтар

Абайдың «Қара сөздері» – 2022 жылы ең көп сатылған кітаптардың бірі

ашық дереккөзі

Абайдың «Қара сөздері» – 2022 жылы ең көп сатылған кітаптардың бірі

Бүгін Қазақстанда Абай күні тойлануда. Биыл Абайға деген құрмет те ерекше. Орталығы Семей қаласы болған Абай облысы жаңадан құрылды. Естеріңізге сала кетейік, биыл қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын, сазгер, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 177 жыл толады. Ол 170-ке жуық өлең жазып, 56 шығарманы аударған. Абайдың еңбектері әлем халықтарының 60 тілінде жарық көрді. Оның ең танымал еңбегі – «Абайдың қара сөздері». Жыл басында «Меломан» дүкендер желісі бұл шығарманы Қазақстандағы ең көп сатылатын кітап деп атады. «Қара сөздерге» деген сұраныс жыл сайын артып келеді. 2019 және 2021 жылдардағы көрсеткіштермен салыстырғанда сату 22%-ға өскен. Абайдың өмір жолы да жастардың қызығушылығын тудырады. Қоғамдық саясат институтының деректері бойынша, жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романын 2021 жылы әрбір оныншы  қазақстандық жас оқыған, бұл - 14-20 жас аралығындағы азаматтар арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Қоғамдық саясат институты зерттеуіне сәйкес, Абай бейнесі саясаткер ретінде аса жоғары сұранысқа ие. Мәселен, белгілі тарихи тұлғалардың қатысуымен өтетін ықтимал сайлауда адамдардың басым көпшілігі Абайға дауыс беруге даяр (27,7%). Демек, қазақстандықтар интеллект, ақиқатты іздеуге құлшыну, тәжірибе сияқты қасиеттерге ие дананың кейпін құп көреді. Зерттеуді Қоғамдық саясат институты 2021 жылғы 24 шілде – 9 тамыз аралығында жүргізді. Іріктеме жиынтығы 14-20 жас аралығындағы жастар – 1700 респондент. Іріктеу қатесі ± 2,38%.