Ұлттық ұлан жауынгерлері Есілге батып бара жатқан адамды құтқарды

Ұлттық ұлан жауынгерлері Есілге батып бара жатқан адамды құтқарды

Ұлттық ұлан жауынгерлері Есілге батып бара жатқан адамды құтқарды
ашық дереккөзі
Ұлттық ұлан жауынгерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде Есіл өзеніне батып бара жатқан елорда тұрғынын құтқарып қалды деп хабарлады turkystan.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің жауынгерлері Оралбек Жиенбай, Нұрбол Тілеубек және Ерболат Қанатбек елордадағы Ататүрік саябағындағы Есіл жағалауында қызмет атқарып жүрген. Сол кезде өзенде қолын сермеп, тұншығып жатқан адамды көріп, жедел көмекке асыққан. Алдымен қатардағы жауынгер Оралбек Жиенбай суға секіреді. Оның артынша патрульдік топ бастығы, кіші сержант Айбат Есіркеп те өзенге сүңги жөнеледі. Абырой болғанда, екеуі суға батып бара жатқан 1978 жылғы Н. есімді азаматты судан шығарып алады.
- Жағалау бойында келе жатқанбыз. Кенет «көмектесіндер!» деген дауысты естідік. Қарасақ, бір адам өзеннің ортасында суға батып бара жатыр екен. Арғы жағаға жете алмай, шаршағаннан күш-қайраты таусылған. Біз оны судан шығарып алдық, - дейді қатардағы жауынгер Оралбек Жиенбай.
Оқиға орнына тәртіп сақшылары да келді. Тұрғынның не себепті осы жерде суға түскенін құзырлы орган қызметкерлері анықтап жатыр.