Министр Қайырбек Өскенбаев алаяқтарға тап болды

Министр Қайырбек Өскенбаев алаяқтарға тап болды

Министр Қайырбек Өскенбаев алаяқтарға тап болды
ашық дереккөзі
Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың атақ-абыройын пайдаланған белгісіз адамдар алаяқтықпен айналысып жүр деп хабарлады turkystan.kz. Бұл жайында министрдің өзі мәлімдеді.
«Достар! Қазіргі таңда алаяқтардың әртүрлі амал-тәсілдері көбейіп кетті. Әлбетте, кез-келген адам олардың арбауына оңай түсіп қалуы мүмкін. Мәселен, кешеден бері кейбір әріптестеріме «менің атымнан» бейтаныс адам хабарласып, басшылық қызметке тағайындау бойынша ұсыныс жасап, аталған ұсыныстан бас тартқан жағдайда және белгілі бір сома бермесе істеп жүрген жұмысынан шығарылатынын алға тартқан. Сонымен қатар алаяқтар басшылық лауазымға тағайындау үрдісі көп уақытты талап ететінін ескертіп, жедел жауап беруді сұраған»  деп жазды Қайырбек Өскенбаев Telegram арнасында.
Министр бос арандатушылыққа бойалдырмай, сақтық танытуға шақырды.
«Осы ретте басшылық лауазымдарға тағайындау қоңырау шалу арқылы емес, алдымен конкурстық іріктеу негізінде, одан кейін тиісті уәкілетті органдармен келісу бойынша жүзеге асырылатынын ерекше атап өткім келеді. Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, маған жеке хабарлама жолдауларыңызға болады немесе Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысына хабарласа аласыз», - деді министр.