Жаңалықтар

«Құм арасында ойнаған»: 5 жасар қыздың тағы бір ізі табылды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

«Құм арасында ойнаған»: 5 жасар қыздың тағы бір ізі табылды (ВИДЕО)

Қостанай облысына қарасты Жамбыл ауылында үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған 5 жасар қызды іздеу жұмыстары әлі жалғасуда деп жазды turkystan.kz. 10 тамыз күнгі сағат 00:20-дағы жағдай бойынша тың ақпараттар тарады. Айта кетейік, бұл жаңалықтар баланы іздеп жүрген еріктілердің әлеуметтік желідегі жарияланымдарына негізделіп отыр. Мәселен, бойында аутизм белгісі бар баланы іздеп жүрген еріктілердің бірі Асылан Кенжетай әрбір қылт еткен жаңалықты алаң көңіл ағайынға оқиға орнынан тікелей хабарлап отыр. Жаңа ғана оның Instagram-дағы парақшасында тың дерек жарияланды. Жүгері алқабынан басқа маңдағы шөп арасында орналасқан (үйілген болуы да мүмкін) құмда жалаңаяқ баланың іздері анықталды. Ол жерде басқа адамдардың ізі жоқ. Сондықтан құтқарушылар бұл маңда жоғалған бала ойнаған деп болжам жасап отыр.