Жаңалықтар

ФБР Дональд Трамптың үйіне тінту жүргізді

ашық дереккөзі

ФБР Дональд Трамптың үйіне тінту жүргізді

Бұл жайлы экс-президент Дональд Трамптың өзі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz Вreitbart.com сайтына сілтеме жасап. «Бұл біздің ел үшін бұлыңғыр кезең, өйткені менің Палм-Бичтегі әдемі Мар-А-Лаго үйім қазір қоршауда, рейд жүргіземіз деген ФБР агенттері басып алған. Бұрынғы АҚШ президенттерінің басынан мұндай сорақы оқиға өткен емес», - деді Трамп дүйсенбідегі мәлімдемесінде. Ол мұны өзінің 2024 жылы президенттікке қайта оралуын қаламайтын радикалды солшыл демократтардың шабуылы деп есептейді. Сондай-ақ Америка Құрама Штаттарының 45-ші президенті АҚШ қазір бұрын-соңды болмаған деңгейде сыбайлас жемқорлыққа ұшыраған мемлекетке айналды деген пікірін аңғартты.