Терезеден аяғын шығарып көлік жүргізген тұрғын видеоға түсіп қалды

Терезеден аяғын шығарып көлік жүргізген тұрғын видеоға түсіп қалды

Терезеден аяғын шығарып көлік жүргізген тұрғын видеоға түсіп қалды
ашық дереккөзі
Бурабай - Нұр-Сұлтан тас жолында жүргізушінің қауіпті отырысы видеоға түсіп қалды. Ол терезеден аяғын шығарып отырған, ал алдыңғы жолаушы орындығында бала болған деп хабарлады turkystan.kz. Осы оқиғаға қатысты суреттер мен видеолар instagram-public astana_sergek_kaz сайтында жарияланды. Мұндай жағдай 7 тамыз күні сағат 14:20 шамасында Бурабай - Нұр-Сұлтан тас жолында болғаны анықталды. Облыстық Полиция департаменті Zakon.kz редакциясының сауалына жауап беріп, іс тексеріліп жатқанын жеткізді.
«Бұл бейне тексерілді. Полицейлер көліктің жүргізушісін анықтады. Ол – 1998 жылы туған Қарағанды ​​облысының тұрғыны. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 593-бабы бойынша жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралды. Жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін іс қозғалды», - деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінен.