Қазақстан қыздары шахмат олимпиадасын жеңіспен аяқтады

Қазақстан қыздары шахмат олимпиадасын жеңіспен аяқтады

Қазақстан қыздары шахмат олимпиадасын жеңіспен аяқтады
ашық дереккөзі
Қазақстан әйелдер құрамасы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының соңғы турында Үндістанды 2,5-1,5 есебімен жеңді  деп хабарлады turkystan.kz  «Спорт Шрёдингера» Telegram-арнасына сілтеме жасап. Ойында Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева жеңіске жетті. Ал Ксения Балабаева тең ойнаса, Гүлісхан Нахбаева есе жіберді. Осылайша, Қазақстан шахматшылары Үндістандағы шахмат олимпиадасын сегіз жеңіспен, бір тең есеппен және екі жеңіліспен аяқтады. Олимпиада «алтынын» Украина әйелдер құрамасы алды. Команда құрамында Юлия Осьмак, Анна Ушенина, Анна Музычук, Мария Музычук және Наталья Буксы бар. Олар жеті рет жеңіске жетсе, төрт рет тең ойнады және бірде-бір рет жеңілмеді.