Жаңалықтар

«ҚазТрансГаз Аймақ» лауазымды тұлғаларына қатысты іс тергелуде

ашық дереккөзі

«ҚазТрансГаз Аймақ» лауазымды тұлғаларына қатысты іс тергелуде

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өндірісінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның лауазымды тұлғаларына қатысты жоғары тарифті қолдану арқылы негізсіз пайда табу дерегімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. «2020-2021 жылдардағы заңсыз қызметтен түскен қаражат 2,3 млрд теңге екені анықталды. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның филиалымен газ тасымалдау қызметіне монополиялық жоғары тарифті белгілеп, төлем алып отырған», - делінген хабарламада. Тергеу барысында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өңірлік департаментіне белгіленген тарифтерге өзгерістер енгізу туралы ұсыным жасалып, нәтижесінде табиғи газ бағасына тариф төмендетілді. «Нәтижесінде, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылорда филиалымен газ тасымалдауға көрсетілетін қызмет үшін шекті тариф және монополистік бағаларды қолдану кезеңі үшін өтемдік тариф (әрбір 1000м3 көлемге 3 320,45 теңге) белгіленді», - делінген хабарламада. Айта кетсек, Қызылорда облысының тұрғындары 1 тамыздан бастап газ үшін төмендетілген тарифке көшті.