Грант иегерлерінің тізімі қашан шығады?

Грант иегерлерінің тізімі қашан шығады?

Грант иегерлерінің тізімі қашан шығады?
ашық дереккөзі
Білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызда жарияланады деп хабарлады turkystan.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
«Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Грантқа үміткерлердің өтінімдерін комиссия мүшелері қарайды. Оның құрамына министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ұлттық Кәсiпкерлер палатасы, бұқаралық ақпарат құралдары, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері кіреді. Талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде гранттар тағайындалады», - делінген хабарламада.
Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлінетін гранттар саны көбейтілді. Яғни, көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар грант алуда басым мүмкіндікке ие болды.
«Сондай-ақ, ауыл балалары және ҚР азаматтығы жоқ ұлты қазақ азаматтар үшін де квоталар көзделген. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 80 мыңға жуық өтінім берілді. Құжаттарды қабылдау 13-22 шілде аралығында жүзеге асырылды. Конкурстық iрiктеудiң қорытындысы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнің ресми Telegram каналында және республикалық БАҚ беттерiнде жарияланады», - делінген хабарламада.