Қара теңізге құлаған ұшақтың бортында атақты «Любэ» тобының әншісі де болған

Апатқа ұшыраған Ту-154 ұшағында әйгілі «Любэ» тобының вокалисі болған Апатқа ұшыраған Ту-154 ұшағында әйгілі «Любэ» тобының вокалисі болған. Бұл туралы Риа Новости хабарлайды.
Е.Насибулин Александров атындағы ән-би ансамблінің әртістерінің қатарында болған. «Ұшақтың бортында Александров ансамблінің әртісі, «Любэ» тобының бұрынғы мүшесі Евгений Насибулин де болған. Ол «Любэ» тобының құрамында 90-шы жылдардың басында жұмыс істеді. Біз Женяның туғандары мен туыстарының қайғыларына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз»,-деді «Игорь Матвиенко атындағы орталық» жетекшісі Андрей Лукинов.
Айта кетейік, 25 желтоқсанда ресейлік делегация өкілдері мінген ұшақ әскери азаматтарды Жаңа жылдарымен құттықтау үшін Ресейдің Сириядағы «Хмеймим» авиабазасына ұшып бара жатып, апатқа ұшырады. Ұшақтың бортында 92 адам болған. 

Back to top button