Қаңтар оқиғасында 23 азаматтың азапталғаны дәлелденді

Қаңтар оқиғасында 23 азаматтың азапталғаны дәлелденді

Қаңтар оқиғасында 23 азаматтың азапталғаны дәлелденді
ашық дереккөзі
Қаңтар айындағы оқиғалар кезеңінде ұсталғандарды азаптаған полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істерді тергеу жалғасып жатыр. 23 азаматтың азапталғаны дәлелденді деп хабарлады turkystan.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар Алматы облысының Полиция департаментінде үтік басумен азаптауды қолдану туралы іс бойынша тергеу әрекеттерін аяқтады», - делінген хабарламада. Нәтижесінде полиция қызметкерлерінің 7-17 қаңтар аралығында Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін ұсталған 23 азаматқа азаптау қолданғаны дәлелденді.
«Қылмыстық кодекстің 146-бабы бойынша 5 полиция қызметкері күдікті деп танылды. Оның ішінде 3 Криминалдық полиция басқармасының қызметкері, 1 Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы және 1 ЖҚАЖ қызметкері бар. 4 тамызда аталған қылмыстық іс сотқа жолданды», - делінген хабарламада.
Азаптауды қолданудың басқа да фактілерін тергеу аяқталуға жақын.