«Біліктілікті арттыру курсы енді 3 жылда бір рет өтеді» – Аймағамбетов

«Біліктілікті арттыру курсы енді 3 жылда бір рет өтеді» – Аймағамбетов

«Біліктілікті арттыру курсы енді 3 жылда бір рет өтеді» – Аймағамбетов
ашық дереккөзі

Мұғалімдер 5 жылда бір рет емес, 3 жылда бір рет біліктілік арттыру курстарынан өтеді деп хабарлады turkystan.kz Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Білім сапасы үшін педагогтердің біліктігін арттыру өте маңызды. Сондықтан біз бірнеше бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Педагогтердің үздіксіз біліктілігін арттыру үшін Президенттің тапсырмасын орындап, заңнамаға өзгерістер енгіздік. Енді мұғалімдер 5 жылда бір рет емес, 3 жылда бір рет біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Педагогикалық мамандыққа оқуға түсетіндерге 50 балдан 75 балға дейін шекті балды көбейттік. Осы мамандыққа жұмысқа тұратындар тек диплом арқылы ғана емес, өз пәнінен арнайы тестілеуден өтеді, - деді ол.
Аймағамбетов атағандай, біліктілікті арттыру курсының барлық бағдарламасы өзгертілген.
Биылдан бастап жаңа форматта әр пән бойынша жаңа курс енгіздік. Курсты өткізіп қана қоймай, курсты өткеннен кейін сол педагог 3 жыл бойы мониторингтан өткізіліп, тиісті провайдерлар курстан кейінгі қолдауды көрсетеді. Бұған дейін курсты өткізген барлық педагог сертификатқа қол жеткізетін. Биылдан бастап курстың нәтижесі бойынша педагогтер емтихан тапсырады. Оны тапсырғандар жұмысын әрі қарай жалғастырады. Ал тапсырмағандарға қосымша қолдау көрсетіледі, - деді Аймағамбетов.