Қытайда аса қауіпті вирус тарап жатыр

Қытайда аса қауіпті вирус тарап жатыр

Қытайда аса қауіпті вирус тарап жатыр
ашық дереккөзі
Қытайда "Ланъя" атты жаңа генипавирус таралып жатыр деп хабарлады turkystan.kz Baq.kz сайтына сілтеме жасап.  Қытайдың "Пэнпай" басылымының хабарлауынша, вирус жануарлардан жұғады. Аталған вирусты 35 адам жұқтырып үлгерген. "Ланъя" вирусын жұқтыру дерегі Шаньдун және Хэнань провинцияларында тіркелген.
Вирус жұқтырудың белгілері: қызба, шаршағыштық, жөтел, анорексия, миалгия, жүрек айну және құсу. 
Ғалымдар бұл вирусты әлемдегі ең қауіпті саналатын, әлі күнге емі табылмаған "Нипах" вирусына ұқсатып отыр. Бұл вирусты жұқтырған жағдайда өлім-жітім 40-тан 75%-ға дейін артады. Әзірге "Ланъя" адамнан адамға жұға ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Жануарлар әлемінде вирус атжалмандардан табылған. Вирусқа антидене ешкілер мен иттерден анықталған.