5 жасар Мәдинаны іздестіру әлі жалғасып жатыр

5 жасар Мәдинаны іздестіру әлі жалғасып жатыр

5 жасар Мәдинаны іздестіру әлі жалғасып жатыр
ашық дереккөзі
Қостанай облысының полицейлері жоғалған қыз үйінен 9 шақырым жерде, жүгері алқабынан байқалғанын хабарлады. Баланы іздеуге ерікті тұрғындар да қосылған деп хабарлады turkystan.kz  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Полиция өкілдері егістік қоршауға алынғанын, қызды іздеуге дронды пайдаланып жатқанын айтты.
"Жоғалған қыз жүгері алқабында жүргені туралы хабарды естіген ондаған қостанайлық, ауыл тұрғындары полицияға көмекке келді. Бәрі осы жағдайға байланысты бірікті. Іздестіру жұмыстарына еріктілер, қамқор азаматтар көмектесіп жатыр", - деді Қостанай облысының ПД өкілдері.
Еске салайық, бірнеше күннен бері жоғалып кеткен кішкентай қыз іздестіріліп жатыр. Ол таңғы сағат 7-де үйінің терезесінен шығып, қашып кеткен. Оның ойын алаңында жүргенін, кейін жолдан жүгіріп өтіп, орманға қарай бет алғанын көрген адамдар бар.